БҚО-да тасқын судан зардап шеккендерге көмектесуге барған құтқарушы пышақталды
Сурет: ҚР ТЖМ
26 жастағы азаматтық қорғау сержанты пышақ жарақатын алды. Оқиға 31 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол жергілікті тұрғындарға көмек көрсету кезінде Қараөзен өзенінің жағасында жарақат алған. Ол кеуде аймағындағы екі пышақ жарақатымен жергілікті ауруханаға жеткізілді. Науқас қазір дәрігерлердің бақылауында.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, шабуыл жасаған адам мас болған. Пышақ оқиға орнында қалып, кейін полиция қызметкерлері оны тәркіледі. "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ел әскерилері тәулік бойы көмек көрсетуді жалғастыруда.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript