Ұлттық экономика экс-министрі Әлібек Қуантыров жаңа лауазымға ие болды
Ақпаратты бүгін, 2024 жылғы 1 сәуірде KAZENERGY баспасөз қызметі растады.
2021 жылдың сәуір айынан бастап бүгінгі күнге дейін KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Кенжебек Ибрашев болды.
Әлібек Қуантыров 1983 жылы 14 қарашада Атырауда дүниеге келген. 2006 жылы Томск мемлекеттік университетін ("Қаржы және несие", "Лингвистика және мәдениетаралық коммуникация" мамандығы), 2010 жылы Мичиган Университетін "Болашақ" стипендиясы бойынша (Қолданбалы экономика магистрі) бітірген. Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.
Еңбек жолын 2005 жылдың қыркүйегінде ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Ішкі әкімшілік департаментінің, халықаралық қатынастар департаментінің жетекші маманы қызметінен бастады, онда 2006 жылдың ақпанына дейін жұмыс істеді. Содан кейін 2022 жылдың қаңтарына дейін ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінде, ҚР Қаржы министрлігінде, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі лауазымдарда болды. Сондай-ақ ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болды (25.02.2021-11.01.2022).
2022 жылдың қаңтарынан 2024 жылдың ақпанына дейін ҚР Ұлттық экономика министрі қызметін атқарды.