Түркістан облысында есірткі қойып кетушіден мефедронның 200-ден астам дозасын тәркіледі
Сурет: ҚР ІІМ
2024 жылдың 1 сәуірінде Түркістан облысының полициясы жедел-іздестіру шаралары барысында, синтетикалық есірткі қойып кетуші Шымкент қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомстваның мәліметінше, жедел уәкілдер скутер мінген жігітті тексеру кезінде, Шымкент қаласы тұрғынының сөмкесі мен қалтасынан 130-дан астам синтетикалық есірткі салынған ораманы тапты.
Ал үйін тінту кезінде "синтетикаға", сондай-ақ гашиш пен марихуанаға ұқсас ұнтақ заты бар 8 ораманы тәркіледі.
Полиция қызметкерлері тәркілеп алған синтетикалық есірткі мефедронның 200 дозасын құрайды. Қазіргі уақытта осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті қамалды. Тергеу жүргізіліп, барлық жағдайлар анықталып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript