Түркістан облысында полиция жүргізушіден 7 пакет есірткі тәркіледі

Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысында есірткі сақтап, тасымалдау фактісінің жолын кесті. , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2025 13:18 Сурет: ҚР ІІМ
Полицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысында есірткі сақтап, тасымалдау фактісінің жолын кесті.

Жедел уәкілдер Отырар ауданындағы Шәуілдер – Түркістан автожолында Шымкент қаласының тұрғыны басқарған Lada автокөлігін тоқтатты.

Тексеру кезінде көліктің салонынан ішінде есірткі заты бар 7 пакет табылды.

Алынған заттың жалпы салмағы шамамен 400 грамм марихуана болып шықты.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде және оқиғаның барлық мән-жайы анықталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: