Түркістанда полицейлер есірткі таратушыдан 400 дозаға жуық мефедрон тәркіледі

Ұсталды, Түркістан облысы, есірткі таратушы, мефедрон , сурет - Zakon.kz жаңалық 18.12.2024 21:04 Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі
Түркістан облысының полицейлері есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл аясында ірі заң бұзушылықтың жолын кесті. Жетісай ауданында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында синтетикалық есірткіні заңсыз сақтап, "жасырып кетумен" айналысқан жас жігіт қолға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдіктінің үстінен тінту жүргізу кезінде оның жанынан полиэтилен пакеттерге салынған 60 орама есірткі тәріздес зат табылды. Сараптама нәтижесінде алынған заттың салмағы шамамен 200 грамм, яғни 400 дозаға жуық "мефедрон" екені анықталды.

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

"Тергеу барысында күдіктінің Шымкент қаласында пәтер жалдап, одан кейін такси арқылы Түркістан облысына келіп, синтетикалық есірткіні белгіленген орындарға жеткізуді жоспарлағаны белгілі болды.Қазіргі уақытта бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде". Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сурет: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Құқық қорғау органдары барлық мән-жайды анықтау үшін қажетті тергеу шараларын жалғастыруда.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: