Алматыда жолаушылары бар троллейбус өртенді: болжамды себебі анықталды
Сурет: Zakon.kz
"Алматы электротранспорт" ЖШС 2 сәуір күні таңертең болған троллейбустағы өрттің алдын ала себебін айтты,- деп хабарлайды Zakon.kz
ЖШС хабарлағандай, жолаушылар көлігі қаланың "троллейбус паркіне" тиесілі. Онда 2009 жылдан бастап жүргізуші Болат Тілеубердиев жұмыс істейді. Жұмыс алдында ол 5:45-те медициналық тексеруден және 6:00 – де техникалық тексеруден өткен.
Болат Тілеубердиевтің айтуынша, өрт жүргізушінің кабинасында басталған. Болжам бойынша, пешті үрлеу қозғалтқышы жұмыс істемей қалды. Содан тездетіп аялдамаға жетіп, жолаушыларды түсіріп, диспетчерлік бөлмеге артынша өрт сөндіру бөліміне хабарлаған. Оқиға бойынша зардап шеккендер жоқ.
Алматыда 2 сәуірде сағат 8: 00 шамасында Сәтбаев пен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында №7 троллейбус өртеніп кетті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript