Ақтөбе облысында көпірді су шайып кетті
Еліміздегі көлемді су тастқынынан зардап шеккендердің қатарында көш бастап тұрғандардың бірі Ақтөбе облысы. Өңірде 2 сәуір күні тағы бір көпірді су шайып кеткен.
Көпірдің жай-күйін ТЖМ Вице-министрі Серік Төленбергенов жедел түрде сараптап, жергілікті атқарушы органға көпір мен жолды қалпына келтіру бойынша тапсырмалар берді.
Бүгінде қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті.
Соңғы ақпараттарға сүйенсек, облыс аумағында 757 үйді су басқан. Эвакуацияланған 2822 адам уақытша орналастыру пункттеріне, 3855 адам туыстарына орналасқан. 7072 бас мал қауіпсіз жерлерге айдалған.
Айта кетейік, ТЖ жөніндегі вице-министр Бауыржан Сыздықов су биыл күтілмеген жерден келгенін айтып ағынан жарылды.