2 сәуірдегі түскі саудада доллар қымбаттады
Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,88 теңгеге көтеріліп, 447,53 теңгеге жеткенін хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 61,63 теңге болды.
Ұлттық банк еуроның бағамын 481,35 теңге, рубльді 4,84 теңге деп белгіледі.
Ақша айырбастау орындарында доллар 447,7-449,5 теңгеге, еуро 480-484 теңгеге, ресей рублі 4,73-4,85 теңгеге сатылуда.
Ал 2 сәуірдегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.
Осылайша, Brent маркалы мұнай бағасы 30 қазаннан бері алғаш рет барреліне 89 доллардан асты.
Brent маркалы мұнайдың маусым айындағы фьючерстері барреліне $89,02, ал WTI мамырдағы фьючерстері 1,97%-ға, барреліне $85,36-ға дейін көтерілді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript