Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысы бірнеше салада сын-қатерлер байқалатынын мәлімдеді

Мемлекет басшысы бірнеше салада сын-қатерлер байқалатынын мәлімдеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2024 13:21 Сурет: aqorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев қақтығыстармен және лаңкестік әрекеттердің белең алуымен қатар, климат дағдарысы, азық-түлік, су, көлік және энергетикалық қауіпсіздік салаларында сын-қатерлер байқалатынына назар аударды, деп хабарлайды Zakon.kz "Ақорда" ресми ақпаратына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы "Ақорда" резиденциясында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларымен кездесу өткізді. Бұл туралы ақорда ресми сайтында жарияланған болатын. Жиын барысында президент қауіп-қатерге тойтарыс беретін әдістерді күшейту керек екендігін айтты.

"ШЫҰ заманауи сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы қолданатын әдіс-тәсілдерін күшейтуі қажет. Бұл бағытта белсенді әрі мейлінше нәтижелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Бастапқы кезеңде Қазақстанның ұсынысы бойынша ШЫҰ қызметін жетілдіру процесі басталды. Ұйымның әлеуетін өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің пәрменді құралы ретінде пайдалану керек. Бұл мақсатқа жету үшін қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кездесулері маңызды рөл атқарады. Сіздер ұлттық қауіпсіздіктің әртүрлі бағытына жетекшілік етесіздер. Қазір сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы күресу үшін біртұтас әрі біріккен жұмыс тәсілі өте маңызды", – деді Президент.

Бұдан бөлек, ШЫҰ-ға мүше елдердің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары үйлесімді жұмыс істеуі қажет екеніне де тоқталды.


"Өкінішке қарай, әлемдегі жағдай жақын арада жақсара қоймайтын сияқты. Елдеріміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін сын-қатер әлі де бар десек, артық айтқандық емес. Бұл мемлекеттеріміздің Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында бірігуі қажет екенін көрсетеді. Сол арқылы сырттан келетін барлық қауіпті тойтаруға және жоюға бағытталған бірлескен күш-жігер мен нақты шаралар қабылдаймыз. Сондықтан біз Шанхай ынтымақтастық ұйымының қызметіне бұрын да, қазір де баса назар аударамыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: