Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтар мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға кеткен шығынды қалай өтей алады

Қазақстандықтар мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға кеткен шығынды қалай өтей алады?, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.04.2024 13:34 Сурет: pixabay
"Мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызметі проактивті форматта қолжетімді болды. Бұл туралы 2024 жылғы 4 сәуірде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕӘҚМ) мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствода аталған шығын түрі бойынша өтемақы бала мемлекет тарапынан толық қамтамасыз етілмеген жағдайда, отбасының табысына қарамастан ата-ананың біріне берілетінін атап өтті.

Бұған дейін осы көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалына барып немесе eGov порталына өтініш жазу қажет болатын.

Енді мобильді азаматтар базасында телефон нөмірін тіркеген жағдайда, көрсетілген әдістермен қатар қызметті 1414 нөмірінен тек бір SMS-ке жауап беру арқылы алуға болады.

Мемлекеттік қызметті проактивті көрсету процесі мүгедектігі бар баланы үйде оқыту туралы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен мәліметтер келіп түскен кезде автоматты түрде басталады.

Келісім алғаннан кейін жүйе көрсетілетін қызметті алушының деректерінің мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша төлем тағайындау туралы шешім немесе дәлелді бас тарту қабылданады.

Тағайындалған қаражат хабарламаға жауап беру кезінде көрсетілетін қызметті алушы көрсеткен банк шотына аударылады.

Осылайша, проактивті формат қазақстандықтарға үйден шықпай және көп уақыт жұмсамастан, қажетті қызметті алуға мүмкіндік береді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға ықпал етеді, өйткені мемлекеттік қызмет көрсетуге аз адам қатысады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: