2024 жылы қанша қазақстандық әскери оқуға шақырылады
Сурет: Zakon.kz
Қорғаныс министрі 2024 жылғы 19 наурыздағы "Әскери қызметке міндеттілерді 2024 жылғы әскери дайындыққа шақыру туралы" бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2024 жылы әскери дайындықтан өтуі тиіс 3000 адамды әскери дайындыққа шақыру", - делінген құжатта.
Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.
Сондай-ақ бұйрықты мүдделі лауазымды тұлғалар мен құрылымдық бөлімшелерге жеткізу көзделген.
Бұйрық 2024 жылғы 15 сәуірде күшіне енеді.
2023 жылы Қорғаныс министрлігі 1500 қазақстандықты әскери дайындыққа шақырды.
Оқи отырыңыз
Бүгін - Мұстафа Өзтүріктің туған күні
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript