Алматыда тағы жер сілкінді

Жер сілкінісі, Алматы, 7 сәуір, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.04.2024 14:10 Сурет: Zakon.kz
7 сәуірде сағат 13:46-да Алматы қаласында 2 баллдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 460 шақырымда Қытай территориясында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.5 құрады. MPV магнитудасы – 5.3. Тереңдігі – 20 км.

Биыл Алматыда екі ірі жер сілкінісі болды. 5 балдық алғашқы жер сілкінісі 2024 жылдың 23 қаңтарына қараған түні болды. Екінші жер сілкінісі 2024 жылдың 4 наурызында болды. Бұл кезде қалада дабыл белгісі қосылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: