Су тасқынынан зардап шеккендерге шығынды өтеу туралы ережелерге толықтырулар енгізілді
Бұл жобаны қабылдаудың мақсаты-2024 жылғы су тасқыны салдарынан халыққа, кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу.
2024 жылғы жекелеген өңірлердегі су тасқыны салдарынан халыққа, кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервтерін пайдалану мақсатында Жекелеген өңірлердегі су тасқыны салдарынан келтірілген зардаптарды жою мәселелері жөніндегі үкіметтік комиссияның хаттамасы не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы болған жағдайларда жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, ережеге жаңа 2 пункт қосылған:
- 2024 жылғы су тасқыны салдарынан кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлінген жағдайда тиісті мемлекеттік орган тиісті негіздемелермен және есептермен бірге бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға ақша бөлу туралы өтінішхат ұсынады.
- Негіздемелер мен есептер кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын 2024 жылғы су тасқыны салдарынан кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеу тәртібіне сәйкес ұсынылады.
Бұдан бөлек, 2024 жылғы су тасқыны нәтижесінде халыққа, кәсіпкерлік субъектілеріне келтірілген мүліктік зиянды өтеуге арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервтерінен шұғыл шығындарға арналған тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың қаулыларында көзделген шығыстарды қаржыландыру кезінде шығыстардың әрбір түрі бойынша бөлінген қаражаттың 50%-ынан аспайтын мөлшерде (алдын ала) ақы төлеуге рұқсат етіледі.
Аталған шығыстарды одан әрі қаржыландыруды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ҚР заңнамасына сәйкес негіздеуші құжаттарды ұсынуына қарай жүзеге асырады.
Бұл түзетулер Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 1 сәуірдегі су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысының қорытындысы бойынша тапсырмасын іске асыру шеңберінде енгізіледі, оған сәйкес Үкімет пен әкімдіктердің резервтерін іске қосу тапсырылды.
Құжаттар 10 сәуірге дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.