Ақтөбе облысында әлі күнге дейін жағдай тұрақталмады
Оның айтуынша, су тасқыны жағдайына байланысты Ақтөбе қаласы мен облыстың алты ауданында табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы ТЖ жарияланды. Қазіргі уақытта облыста еріген суды сору жұмыстары жүргізілуде, қапшықтар мен инертті материалдарды төсеу жалғасуда.
"Облыс бойынша 1061 тұрғын үй су астында қалды. 10 138 адам эвакуацияланды. Бүгінде үйге 2536 адам оралды, оның 1104 – і балалар. Сондай – ақ 10 663 бас мал эвакуацияланды", - деді Ақтөбе облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бас маманы Нұрбек Оралбаев.
Ол 8 сәуірде сағат 02:40-тан бастап Ақтөбеде Қарғалы су қоймасындағы еріген су ағынының ұлғаюына және Қарғалы өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ақжар, Жилянка, Солнечный ауданында су басу қаупі туындағанын атап өтті. Мәліметке сай, қазіргі уақытта 76 адам эвакуацияланды, оның ішінде 25 бала.
Өңірдегі ахуалға байланысты барлығы 1364 адам, 247 бірлік техника, 10 жүзу құралы, 22 су айдау құралы жұмылдырылған. Сонымен қатар, психологиялық көмек жедел желісі ашылды, оған бүгінде 230 қоңырау келіп түскен.
Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысында тағы бір ауданда ТЖ режимі жарияланды