Жаңалықтар тізбегі
0

Су басқан ауылдардан тұрғындарды эвакуациялауға дәрігерлер де ат салысуда

Эвакуация, медицина қызметкерлері, қайық, су тасқыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2024 22:17 Сурет: gov.kz
Ақтөбе облысы Әйке ауылының дәрігерлік амбулаториясының медицина қызметкерлері Жүргенев ауылының 530 тұрғынын аудан орталығына қайықпен эвакуациялауға ат салысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың арасында көптеген қарттар мен балалар, жүкті әйелдер бар. Олардың барлығы жергілікті дәрігерлік амбулаторияда жұмыс істейтін мейіргерлер Бақытжанова Ақнұр мен Аймағанбетова Арайлымның сенімді бақылауында болды.

Эвакуация, қайық, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2024 22:17

Сурет: gov.kz

"Ақмола облысындағы Красный Яр ауылының медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының дәрігерлері медициналық ұйымдар мен азық-түліктен қол үзген зардап шеккендерге қолдан келген көмекті көрсету үшін Қызыл Жұлдыз ауылына барды". ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

Эвакуация, қайық, медициналық қызметкерлер, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2024 22:17

Сурет: gov.kz

Терапевт және кардиолог дәрігер елді мекен тұрғындарын қарап-тексеріп, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етті. Сонымен қатар, дәрігерлер 16 отбасына азық-түлік берді.

Шағын ауыл тұрғындарының негізгі бөлігі – медициналық бақылауды, кез келген басқа көмекті қажет ететін егде жастағы адамдар, зейнеткерлер екенін айта кеткен жөн.

Жедел медициналық көмек, су тасқыны, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.04.2024 22:17

Сурет: gov.kz

Айта кетсек, 9 сәуірде Астана мен Қазақстанның 14 өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: