Атырауда канадалық азамат волонтерлармен бірге өзен жағалауындағы бөгетті бекітуге ат салысты
Сурет: видеодан алынды
"Атырау барыстары" командасының канадалық ойыншысы волонтерлер қатарына қосылып, Жайық өзенінің жағасына бөгет салу ісіне ат салысуда, деп хабарлайды Zakon.kz.
Канада азаматы Майкл Окафордың айтуынша, мұндай қиындықты бірлікпен ғана жеңуге болады.
"Мен "Атырау барыстары" баскетбол клубының ойыншысымын. Канададан келдім. Қазір өзім тұратын Атырау қаласына тасқын судың қаупі төнді. Бұған атыраулықтармен бірге мен де алаңдап отырмын. Өйткені шетелдік болсам да осы елдің тыныштығын, әр қазақстандық пен қонақтардың көңілі көтеріңкі жүргенін қалаймын. Сол себептен, Жайық өзенінің жағалауындағы бөгетті биіктетіп жатқан волонтерлерге көмектесуді ұйғардым. Біз Атырау қаласын тасқын судан бірліктің нәтижесінде қорғап қаламыз", - дейді Майкл Окафор.
Айта кетсек, Атырау облысында төтенше жағдай режимі жарияланған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript