Алматыдағы тарихи ескерткіш мемлекетке қайтарылды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы прокурорлары Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ) ғимаратының бір бөлігін мемлекет меншігіне қайтарды. Ведомствода университет ғимаратының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші санатына жататынын баса айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
2024 жылғы 9 сәуірдегі хабарламада Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің мүлкін заңсыз иеліктен шығару фактісін анықтағаны атап өтілді.
"1997 жылы Жекешелендiру жөнiндегi аумақтық комитет, оқу корпусы ғимаратының бiр бөлiгiн 196 000 теңгеге заңсыз сатты. Сол жылы 62 000 теңгеге 26 сотық жер телімі де заңсыз сатылған." Алматы қаласының прокуратурасы
Университет ғимараты республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштеріне жатады, ал жер учаскесінде қаланың ең ескі сәулет құрылыстарының бірі - "Ескі қақпа" орналасқан.
"Кейіннен оқу корпусының ғимаратында "Ескі қақпа" атты мейрамхана ойын-сауық мекемесі – ұйымдастырылған." Алматы қаласының прокуратурасы
Медеу ауданының прокуратурасы жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәмілелерінің күшін жою туралы сотқа шағым түсірді.
Сот шешімімен қадағалау органының талап арызы қанағаттандырылып, мүлік қайтарылды, шешім заңды күшіне енді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript