Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ғимаратының бір бөлігі заңсыз жекешелендірілген

Алматы, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, ғимарат, заңсыз жекешелендіру, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2026 16:04 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Алматы қаласының прокуратурасы қадағалауды жүзеге асыру аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ғимаратының бір бөлігі заңсыз жекешелендірілгенін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Алматы қаласының прокуратурасы қадағалауды жүзеге асыру аясында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті ғимаратының 208 шаршы метр бөлігі заңсыз жекешелендірілгенін анықтады. Прокуратураның талап-арызы бойынша сот, жасалған мәмілелерді жарамсыз деп таныды. Сот актісі заңды күшіне енді", делінген прокуратураның 31 қаңтардағы хабарламасында.

Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру саласындағы уәкілетті орган қайтарылған активке бағалау жүргізуде.

Мемлекеттік мүлікті пайдалану және иеліктен шығарудың заңдылығын қадағалау, Алматы қаласы прокуратурасының жіті бақылауында.

Бұған дейін Бас әскери прокуратура 53 млн теңгенің пәтерлері мемлекет меншігіне қайтарылғанын хабарлаған. Сондай-ақ екі жер учаскесі сот шешімі бойынша ҚазҰУ меншігіне қайтарылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: