Заңсыз сатылған Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ жатақханасы университетке қайтарылды
Сурет: akorda.kz
Түрксіб ауданының прокуратурасы "Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті" КЕАҚ мүлкін заңсыз иеліктен шығарылғанын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Прокуратураның 2025 жылғы 21 мамырда таратқан ақпаратына сүйенсек, тұрғын-үй алаңының жетіспеушілігіне қарамастан, университеттің бұрынғы басшылығы тиісті тендер ұйымдастырмастан және өткізбестен жалпы ауданы 2500 м2 астам жатақхананы жеке ЖОО-ға заңсыз жалға пайдалануына берген.
Кейіннен мәміле жасасу кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын бұза отырып ЖОО осы үй-жайды сатып алған.
"Соттардың заңды күшіне енген шешімдерімен, Түрксіб ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша даулы әкімшілік ғимараты ұлттық университетке қайтарылды",- делінген ақпаратта.
Бұған дейін Алматыда мопед жүргізушілеріне бақылау күшейтілгендігі хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript