Алматыда ауыр машинажасау зауытының жылжымайтын мүлкі заңсыз сатылған

Алматы прокуратурасы Алматы ауыр машинажасау зауытының жылжымайтын мүлкін қайтаруды қамтамасыз етті, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.02.2025 11:13 Сурет: aztm.kz
Алматы прокуратурасы Алматы ауыр машинажасау зауытының жылжымайтын мүлкін қайтаруды қамтамасыз етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін Алматы қаласының прокуратурасы Зауыт мүлкін заңсыз сату фактілерін анықтаған болатын.

Қала прокуратурасының қадағалау актісін орындау шеңберінде Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті сотқа мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен жүгінді.

Талап-арыздың мазмұны Зауытқа 37 га астам жер учаскесін және жалпы ауданы 79 966 м2 құратын 94 тұрғын емес үй-жайды қайтаруға байланысты.

Сот талапкердің талаптарын қанағаттандырды, апелляциялық саты шешімді күшінде қалдырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: