Абай атындағы ҚазҰПУ стадионы мен екі корпусы жеке тұлғаларға заңсыз сатылған

Абай атындағы ҚазҰПУ стадионы мен екі корпусы жеке тұлғаларға заңсыз сатылған, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2025 13:35 Сурет: wikipedia
Алматы прокуратурасы Абай атындағы ҚазҰПУ ұлттық университетіне оқу корпустары мен стадионын қайтарды. Бұл туралы ведомствоның 2025 жылғы 20 ақпанындағы мәлімдемесінен белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сүйенсек, оқу және тұрғын үй алаңының жетіспеушілігіне қарамастан, университеттің бұрынғы басшылығы сауда-саттықты өткізбей және бағалаусыз жалпы ауданы 1500 шаршы метрден астам екі оқу корпусын жеке тұлғаларға заңсыз сатқан.

Алайда, ғимараттардың бірі кейіннен бірнеше жыл бойы университеттің өзіне жалға берілсе, ал екіншісінде ойын-сауық мекемесі ұйымдастырылған.

Сонымен қатар спортты бірлесіп дамытамыз деген көз-бояушылықпен Горький атындағы Орталық мәдениет және демалыс саябағында орналасқан алаңы 5 гектардан асатын спорт стадионы 10 жылға үшінші тұлғаларға берілген.

5 жыл бойы футбол алаңы коммерциялық мақсатта пайдаланған, ал 16 мың студенттің дене шынықтырумен толық айналысуға және спорттық іс-шаралар өткізуге мүмкіндігі болмаған.

"Медеу ауданы прокуратурасының қадағалау актілері бойынша заңды күшіне енген сот шешімдерімен, мүлік объектілері ұлттық университетке қайтарылды. Алматы прокуратурасы

Абай атындағы ҚазҰПУ – Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орны, іргесі 1928 жылы қаланған.

Бұған дейін Ақтөбе облысының прокуратурасы миллиондаған бюджет қаржысын жымқырған спорт мектебінің екі директорына қатысты қылмыстық істі сотқа жібергендігі хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: