Спорт мектебінің директорлары бюджет қаражатын букмекерлік кеңселерде ұтылған

Тенге, деньги, заработная плата, Казахстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2025 12:31 Фото: Zakon.kz
Ақтөбе облысының прокуратурасы миллиондаған бюджет қаржысын жымқырған спорт мектебінің екі директорына қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның 20 ақпандағы мәліметі бойынша, екі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директорлары бюджетке түсуге жататын спорт алаңдары мен залдарын жалға беру қызметтері үшін алынған қаражатты негізсіз иемденгені анықталды.

Олар 12 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жеке қажеттіліктеріне, соның ішінде букмекерлік кеңселерде жұмсаған. Аталған фактілер бойынша прокуратура 2 қылмыстық іс тіркеді. Тергеуді облыстық Экономикалық тергеу департаменті жүргізді.

Осы жылдың 10 қаңтарында тергеу аяқталып, қылмыстық іс (істер біріктірілді) мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.

Ал Қызылордада облыстық "Дарын" қосымша білім беру орталығының бас есепшісі 50 миллион теңгені жымқырып үлгерген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: