Қызылорда облысында "таза Қазақстан - таза аймақ" экологиялық науқаны басталды
Соңғы екі жылда мекеменің материалдық-техникалық базасын жаңғырту мақсатында облыс әкімінің қолдауымен 2 млрд. 153 млн теңге бөлініп, оған қажетті техникалар алынды.
Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Қаланың аумағы күннен-күнге ұлғаюда. Осыған байланысты қоқыс полигонына шығарылатын тұрмыстық және қатты қалдықтардың көлемі де артты. Тазалық мәдениетін қалыптастыру бағытында тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын күнделікті жүргізілуде.
Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жалпы, мекеме тарапынан 400 ден астам көшеге тазалау жүргізілуде. Қыс мезгілінде қардан тазалау, жаяу жүргіншілер жолдарын ашу, жаз айларында көше бойларындағы арам шөптерді жұлу және сыпыру, көшелерге екі мезгіл су себу шаралары атқарылуда.
Облыс әкімінің қолдауымен мекеме жұмысшылары қоғамдық көліктерде тегін жүріп, жылына бір рет еліміздің аумағындағы санаторийлерге тегін жолдама алады.
Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
"Қызылорда Тазалығы" МКК 2023 жылдың қаңтар айында қайта құрылды. Қазіргі таңда мекемеде 578 адам еңбек етуде. Жұмысшылардың көпшілігі санитарлық тазалық жұмыстарына жұмылдырылады.
Күнделікті полигонға жеткізілетін қоқыстың көлемі 780 м3 құрайды.
Сурет: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Өткен жылы кәсіпорын көпқабатты 11 тұрғын үйді жаңғыртудан өткізді. Биылғы жылы 21 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуге енгізілді.