Су тасқынымен күресу үшін Ақтаудан Атырауға 300 әскери қызметкер келеді
Сурет: Telegram/atyrauakimat
Жайық жағалауын бекітуге Атырауға Ақтаудан 300 әскери қызметкер келеді. Бұл туралы 2024 жылдың 10 сәуірінде облыс әкімдігі айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жауынгерлер Атырау қаласы, Махамбет ауданы және Құлсары қаласындағы тасқынмен күреске жұмылдырылады.
"Бүгінде Батыс өңірлік қолбасшылық 25744 әскери бөлімі, Теңіз жаяу әскер бригадасын қоса алғанда Құлсары қаласына 563 жауынгер тасқынмен күресуде. Махамбет ауданында 62, Қарабау ауылында 50 жауынгер бар.",- делінген әкімдік ақпаратында.
Айта кетейік, елімізде республикалық маңызы бар бірқатар трассаларды су шайып кетті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript