Әскери қызметкер күндіз ұйықтағаны үшін сотталды

Әскери қызметкер күндіз ұйықтағаны үшін сотталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.10.2023 09:51 Сурет: akorda.kz
Жамбыл облыстық соты әскери қызметкерді тәулік бойғы кезекшілік кезінде ұйықтап қалғаны үшін соттады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс материалдарына сәйкес, Жуалы ауданында орналасқан әскери бөлімнің әскери қызметкері тәулік бойы кезекшілікте жүріп, белгісіз уақытта және белгісіз жерде ұйықтап қалған. Бұл әрекетімен ол бөлімше командирінің жазбаша бұйрығының талаптарын бұзған, деп хабарлайды Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі.

Әскери қызметкердің бұл қылығы әкімшілік іс жүргізу аясында қаралған сот талқылауына негіз болды.

"Сотта әскери қызметкер өз кінәсін толығымен мойындап, аталған факті бойынша түсініктеме берді. Сот қаулысымен әскери қызметкер ӘҚБтК-нің 652-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылды", - делінген сот хабарламасында.

Сот шешімімен кінәлі әскери қызметкерге 86 мың теңге айыппұл салынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: