Жаңалықтар тізбегі
0

Торғай өзенінің деңгейі тағы көтеріліп жатыр

Торғай өзенінің деңгейі тағы көтеріліп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2024 15:52 Сурет: Zakon.kz
Қостанай облысында Тобыл арнасына түсіп келеді. Ал Торғай өзенінің деңгейі тағы көтеріліп жатыр.

Торғайдың қайта көтерілуіне Жангелдин ауданының солтүстігіндегі Қоңыраулы өзенінің тасуы себеп.

Сол нөпір су Жаркөл ауылының тұсынан қарт Торғайға келіп қосылып жатыр. Мұның басты қаупі онсыз да 30-дан астам үйін су басқан Жаркөлге төнеді.

Және Жангелдин ауданын сыртпен байланыстыратын жалғыз тас жолды шайып кетуі мүмкін, деп жазады qazaqstan.tv.

Мен жаңа ғана аудан басшыларымен сөйлестім, жерігілікті азаматтар күні түні топырақ үйіп, топан судың жолды шайып кетпеуіне мүмкіндік бермей тұр.

Ауданда әлі 10 ауылда жарық жоқ, 9 ауылмен қатынас үзілген. Ол елді-мекендерге керек – жарақ тек әуе жолымен жеткізіліп жатыр.

Сондай-ақ ауданға 25 киіз үй жеткізіліп, баспанасынан айрылғандарға бөлініп берілді. Ауданда шамамен 80 – ге тарта үйге су кірген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: