Жаңалықтар тізбегі
0

"Бекіре" акциясының аясында 1,5 тоннаға жуық заңсыз ауланған балық тәркіленді

"Бекіре" акциясының аясында 1,5 тоннаға жуық заңсыз ауланған балық тәркіленді, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2024 09:39 Сурет: polisia.kz
Жайық-Каспий аумағында өткізіліп жатқан шара аясында, құқық бұзушылардан 1,5 тоннаға жуық балық, оның ішінде 48 кг бекіре балығы және 3,5 кг уылдырық тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шараға Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары полиция департаменттері мен батыс өңірлік көлік полициясының 300-ге жуық қызметкері және 28 техникасы, оның ішінде бес жүзу құралы, сондай-ақ Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылған.

Акция 2024 жылдың 1 сәуірінде басталған.

"10 күн ішінде 72 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 10 заңсыз өндіру фактісі, екі сатып алу немесе өткізу фактісі, балық және балық өнімдерін тасымалдаудың бір фактісі бар."ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Төлеубай Мұхамадиев

Акцияның мақсаты – браконьерлік және балық өнімдерінің заңсыз айналымы фактілерін анықтап, жолын кесу.

"Ақтауда автокөлік тоқтатылып, салоннан екі пластик шелекте тиісті құжаттары жоқ, салмағы бір килограмм бекіре тұқымдас балықтың уылдырығы табылды. Одан бөлек, Каспий теңізінің жағасында моторлы қайықтан тоғыз дана көксерке балығы және екі дана бекіре балығы табылып, тәркіленді. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда", – деді Төлеубай Мұхамадиев.

ҚР ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде 12 қылмыстық іс қозғалды. 60 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, екі миллион теңгеден астам сомаға айыппұл өндірілді.

Еске салайық, наурыз айында Түркістан облысында заңсыз ауланған 160 кг балық тәркіленген болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: