Жетісуда жолаушылар автобусынан 2 тоннаға жуық заңсыз ауланған балық табылды

Браконерь, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2022 20:24 Сурет: polisia.kz
Алматы - Өскемен автожолында полицейлер рейстік автобусты тоқтатты, оның багаж салатын бөлігінде екі тоннаға жуық балық табылды. Оны аулауға және тасымалдауға рұқсат құжаттары жоқ болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Заңсыз жүк тәркіленіп, қабылдау пунктіне жіберілді .

1 783 кг түрлі тұқымды балық тәркіленді. Оларды Үшарал - Алматы бағытындағы жолаушылар автобусымен заңсыз алып өтпек болған. Іс жүзінде жиналған материал жүк иесі мен автобус жүргізушісіне тиісті шаралар қабылдау үшін "Балқаш-Алакөл облысаралық балық инспекциясына" жіберілді, - деп хабарлайды өңірлік ПД баспасөз қызметі.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: