Алматыда селден қорғау бөгетін салған компания 775 млн теңге жымқырды деп күдіктелуде
Сурет: ҚР Қаржы мониторинг агенттігі
ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-мен келісімшартқа отырған мердігер ұйымның директоры бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша күдіктелуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді ҚР Қаржы мониторингі агенттігі жүргізеді.
11 сәуірде ведомство ЖШС "Ақсай өзенінің бассейнінде селді ұстайтын бөгет салу" жобасын іске асырғанын хабарлады.
"ЖШС-ның жауапты тұлғалары алдын ала сөз байласу арқылы, аса ірі көлемде, бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде. Залал сомасы алдын ала есеп бойынша 775 млн теңгеден асады."ҚР Қаржы мониторингі агенттігі
Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге де ақпараттар жариялымға жатпайды.
Айта кетейік, ҚР Қаржы мониторинг агенттігі осыған ұқсас Ақмола және Ұлытау облыстарында екі қылмыстық істі тексеруде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript