СҚО-да әкімдікке ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде
Сурет: Zakon.kz
19 маусымда СҚО-да әкімдікке ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде, деп хабарлайды Zakon.kz.
СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпаратынша, "Петропавл қаласының тұрғын үй қызметі" ЖШС басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Лауазымды тұлға кәсіпкерлік субъектісімен алдын ала сөз байласу бойынша тұрғын үйлерді жылыту және сумен жабдықтау жүйелерін ағымдағы жөндеуге бөлінген 7,5 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.
Тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript