Таразда балабақшалардың бірінің басшысы 13 млн теңге бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

Тараз, балабақша, бюджет қаржысы, прокуратура, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2023 10:01 Сурет: Zakon.kz
Тараз қаласының прокуратурасы қаладағы балабақшалардың бірінен бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Балабақша басшысы жоқ балаларға мемлекеттен ақша алып отырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысының прокуратурасы таратқан мәліметке сүйенсек, "РозАль" орталығы" жеке балабақшасы басшылығы мектепке дейінгі ұйымдарды жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында бөлінген 13 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталған.

"Осы факт бойынша 25.09.2023 жылы ҚК-нің 190-бабы 2-тармағының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол Жамбыл облысының Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды".Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Қадағалаушы орган қылмыс жасады деген күдікпен балабақша басшысы соттың санкциясымен қамауға алынғанын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: