11 сәуірдегі саудада доллар өсімін жалғастырды

Валюта бағамы анықталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.04.2024 16:33 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 1,05 теңгеге көтеріліп, 448,41 теңгеге жеткенін хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да көтеріліп, 61,87 теңгені (+0,18) құрады.

Ұлттық банк еуро бағамын 485,74 теңге, рубльді 4,8 теңге деп бекітті.

Ақша айырбастау орындарында доллар 448-449,7 теңгеге, еуро 481,5-485,5 теңгеге, ресей рублі 4,73-4,85 теңгеге сатылуда.

Ал, 11 сәуірдегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы көтеріліп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында маусымдық Brent фьючерстерінің құны 0,36%-ға өсіп, барреліне $90,81 құрады.

NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының мамырдағы фьючерстері 0,36%-ға өсіп, барреліне 86,52 долларды құрады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: