12 сәуір - ғарыш ғаламын бағындырған күн
Қазақстанның ғарыш әлемін бағындыру тарихы
1991 жылы ғарыш ғылымын зерттеу елімізде қарқынды түрде жүзеге асты. Мәселен, тұңғыш қазақстандық ғарышкер Тоқтар Әубәкіровті ғарышқа ұшуға дайындау, оның экспедициясы кезінде мемлекеттік зерттеу бағдарламасын құру және ғарыш саласын қалыптастыруды бастау. Нәтижесінде, елімізде ғарыштық зерттеулер институты шұғыл түрде құрылды.
Отандық космонавтика тарихында алар орны бөлек жандар:
- Өмірзақ Сұлтанғазин - ҚазССР Ғылым Академиясының президенті, институтты құрды сонымен қатар, барлық процестерді басқарды.
- Нағима Айтхожина - Биология ғылымдарының докторы, молекулалық биология саласындағы маман, Әубәкіров үшін эксперименттер бағдарламасын әзірлеумен айналысты.
- Виктор Дробжев - физика-математика ғылымдарының докторы, ұшу бағдарламасын тікелей басқарды.
Сурет: gctc.ru
Бұл адамдар шағын ғана ғалымдар тобымен бірге мүмкін емес нәрсеге қол жеткізді – бірнеше айдың ішінде лайықты зерттеу бағдарламасын дайындап, елде ғарыш ғылымын іске қосты.
Бүгінде қазақстандық ғарышкерлер отрядында 1991-2015 жылдар аралығындағы үш сынақ ұшқышы бар: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов.
Сурет: gctc.ru, museumgagarin.ru
Итальяндықтар ғарышқа алғаш рет 1992 жылы ұшты. Ғарышкердің ұшуы американдықтардың қаражатынан жүзеге асты. 1992 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Италияның 8 азаматы ғарышқа сапар шекті, ұшулардың жартысы ресейлік экипаж құрамында "Байқоңыр" ғарыш айлағынан болды. Куру (Француз Гвинеясы) ғарыш айлағы бар Франция ғарышқа 1982 жылы ғана, соның өзінде Кеңес одағының арқасында ұшуды бастады. Алғашқы француз ғарышкері Жан-Лу Жак Мари Кретьен ғарышқа "Байқоңыр"ғарыш айлағынан Союз Т-6 • Салют-7 (2) бортында ұшты. 1982 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін барлығы 10 адам ғарышта болды. Олардың басым көпшілігі "Байқоңыр" ғарыш айлағынан кеңестік және ресейлік зымырандармен ұшты.
Сурет: russian.space
Ғарышкерліктің қалыптасуы
Ғарыш қымбат және қиын, сондықтан кез-келген ел ғылыми процеске қатыса алмайды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін күрделі экономикалық кезеңді бастан өткерді, ол кезде ғарышкерлікке қаражат та, адамдар да жетіспеді. Осыған қарамастан, бірінші ғарышкер Әубәкіров басқарған ғарыш кемесі қазақ даласына әрең қонды. Нәтижесінде, шұғыл тұрде жедел басқару мен жаңа ғылыми саланы қалыптастыруды өз мойнына алатын Аэроғарыштық агенттік құру туралы шешім қабылданды.
Елімізде ғарыш саласына қызығушылықтар артты. Соның нәтижесінде, арасында қателіктер орын алса да көптеген жұмыстар атқарылды. Ел тіршілігі саласындағы маңызды міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін "KazEOSat – 1", "KazEOSat-2" және "KazSTSat" спутниктері бүгінде орбитада орналстырылған. Сонымен қатар, қазақстандық ғалымдар ғарыш деректерін пайдалана отырып, республика экономикасы үшін маңызды және қажетті жүйелерді әзірлеуде.
"2018 жылдан бастап Қазақстанда тиімді басқару шешімдерін қабылдау мақсатында экономика салаларының міндеттерін шешу үшін ғарыштық мониторинг жүргізілуде. Мысалы, 2023 жылы орман ресурстарын мониторингтеу нәтижелері бойынша жалпы ауданы 20,6 млн га ормандардың карталары цифрландырылып, көрсетілді,53 заңсыз іс-әрекетті және 79 құқық бұзушылық анықталды. Тағы бір мысал: 39 ірі елді мекеннің айналасындағы тұрмыстық қалдықтарды (полигондарды) ғарыштық бақылау жүргізілуде. Тек 2023 жылы ғана 5540 рұқсат етілмеген қалдықтар жиналатын орын және 2503 рұқсат етілмеген тау-кен орны анықталды", - делінген цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетінің Zakon.kz редакциясының сұрауына берген жауабында.
Сурет: primeminister.kz
Әлемдік космонавтика
Космонавтика тарихында әлемнің 86 елі ғана өздерінің ғарыштық амбицияларын жариялай алды. Соңғы жылдары бұрын ғарыш саласында тәжірбиесі аз мемлекеттер белсенді түрде қозғала бастады және олардың әрқайсысы өз орнын табуға тырысуда. Мысалы, Үндістан спутниктер мен жерден тыс миссияларды өз бетінше ұшыруды үйренді, олардың аппараттарының айға жасаған соңғы экспедициясы халықаралық қауымдастық арасында көп шу шығарды. Сондай-ақ, осы елде әлемдегі ең ірі навигациялық спутниктік флоттардың бірі бар.
Сурет: wikimedia
Қазақстан сондай-ақ экономикадағы ғарыштық зерттеулерді қолданбалы пайдалану мен үлкен ғарыш туралы ғылымды теңестіре отырып, өзінің ғарыштық бағдарламаларын жасау саласында ілгерілеуде. Атап айтқанда, ел жерге жақын ғарыш кеңістігін игерудің халықаралық жобаларына және күн жүйесі мен терең ғарыш планеталарын зерттеудің ғылыми бағдарламаларына қатысуға ниетті.
Отандық ғарыш ғылымы да экономиканың маңызды секторлары: ауыл шаруашылығы, энергетика, геология және жер қойнауын пайдалану бойынша жұмысын жалғастырады. "Ғарыштық биология", "ғарыштық геология", "ғарыштық энергетика" сияқты жаңа бағыттарды құру жоспарлануда.