Су тасқынына байланысты аталмыш аймақтарға жолға шықпағаныңыз дұрыс

Су тасқынына байланысты аталмыш аймақтарға жолға шықпағаныңыз дұрыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2024 11:45 Сурет: akorda.kz
"ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ-ның 2024 жылғы 12 сәуірдегі ақпараты бойынша, республикалық маңызы бар 6 облыстағы автомобиль жолдарындағы қоғалысқа шектеу туралы айтты. Сонымен қатар, су тасқынына байланысты қазақстандықтардың аталған аймақтарға жолға шықпауын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сағат 9:00 жағдай бойынша, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Ақмола, СҚО, Атырау, Қостанай) 7 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 8695 метр болатын су тасқыны орын алған.

"6 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 13 автомобиль жолдарында қозғалысқа шектеу қойылды.""ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ баспасөз қызметі

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 450 бірлік техника мен 853 адам жұмылдырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: