Еліміздің 3 облысындағы автомобиль жолдарын су шайып кетті
Сурет: unsplash
"Қазавтожол" ҰҚ" АҚ 18 сәуірдегі халықаралық-республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы шектеу туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сағат 09:00 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста 8 жол жүру учаскесінде су тасқыны орын алды.
- Ақмола;
- СҚО;
- Қостанай.
"5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 12 автомобиль жолдарында қозғалысқа шектеу қойылды."
"Қазавтожол" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметі
Ведомства ақпаратынша, қазіргі таңда республикалық жолдарда 307 бірлік техника мен 370 адам жұмылдырылған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript