Қазақстанда заңсыз жүрген 15 иммигрант Алматы әуежайынан жер аударылды

Қазақстанда заңсыз жүрген 15 иммигрант Алматы әуежайынан жер аударылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2024 15:27 Сурет: polisia.kz
Қазақстанда заңсыз жүрген 15 Африка азаматтары елден шығарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматылық көші-қон қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталған Африкалық 15 азаматы елден шығарылды.

"Аталған шетелдіктер біздің елде болған кезінде халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзған. Атап айтқанда, заңда белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпай, сот қаулысымен мемлекетімізден шығару түріндегі әкімшілік жазаға тартылды. Ол бірнеше кезеңмен өтеді", – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Еске салайық, 8 сәуірде Алматы әуежайында елге жалған төлқұжатпен кірмек болған азамат ұсталып, бірден департацияланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: