Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккен барлық отбасының шығыны толықтай өтелді

Су тасқыны, Қарағанды облысы, өтемақы, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.04.2024 17:58 Сурет: primeminister.kz
Қарағанды облысында су тасқынынан 60 үй зардап шекті. Олардың барлығының шығындары өтелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

12 сәуірде республикалық ақпараттық штабта өткен брифинг барысында облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Асанов су тасқынынан зардап шеккен 60 отбасыға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы әлеуметтік көмек төленгенін, сонымен қатар, бүлінген жеке мүліктердің өтемақысы толығымен өтелгенін, шығынға ұшыраған малдың орны да толтырылғанын айтты.

"Аккредиттелген ұйым су басқан объектілерге бағалау және техникалық тексеру жүргізді. Қазірдің өзінде барлық тұрғын үй мен мүлікке қорытынды берілді. Үш ауылдағы алты үй апатты деп танылған болатын. Бес отбасына осы ауылдарда тұрғын үй сатып алынды, әзірге бір отбасы қоныстанды. Сондай-ақ, бір үй жаңадан салынады. Құрылысқа жер учаскесін таңдау актісі жүргізілді. Үйдің құрылысы келесі аптада басталады", - деді Бауыржан Асанов.

Оның айтуынша, қалған 54 үй жөндеуден өтеді. Бұл жұмыстарды өздері жүргізгісі келетінін білдіргендіктен, тұрғындарға осы мақсатта өтемақы төленді.

"Облыста су тасқыны салдарын жою жұмыстары жалғасуда және тұрақты бақылауда", — деді ол.

Айта кетсек, ҚР Қаржы министрлігі су тасқыны кезінде зардап шеккендерге өтемақы төлемдері қалай жүргізілгенін түсіндіріп берген болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: