Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 600-ден астам үй салынады

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 600-ден астам үй салынады, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2024 09:01 Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендерге 600-ден астам үй салынады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, олар жергілікті төтенше жағдай режимі жарияланған алты ауданда салынады. Тұрғын үй нысандарының құрылысы бойынша жұмыстар басталып та кетті. Жалғыз баспанасынан айырылған отбасылар үшін де 316 үй мен пәтер сатып алынады.

"316 пәтердің 110-ы сатып алынып, 641 үйдің 487-сінде құрылыс басталды", - дейді Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Аслан Жарасбаев.

Сондай-ақ, су тасқыны кезінде су басқан 3123 үйдің иелеріне жөндеу жұмыстарына өтемақы төленеді.

Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында 1 маусымда 50 отбасы жаңа пәтерге көшті. Қалған 16 тұрғын алдағы уақытта пәтер алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: