Жаңалықтар тізбегі
0

Денсаулық сақтау министрлігі су тасқыны кезіндегі судың сапасы туралы айтты

Аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының мамандары су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі халыққа берілетін судың сапасына мониторинг жүргізуде., сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2024 09:02 Сурет: ҚР ДСМ баспасөз қызметі
13 сәуірде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі су тасқыны кезіндегі судың сапасы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомства берген ақпаратқа сай, аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының мамандары су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі халыққа берілетін судың сапасына мониторинг жүргізуде.

Мониторинг барысында орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерінен санитариялық-химиялық, микробиологиялық талдауларға сынамалар алынды.

Су тасқыны басталғаннан бері орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау көздерінен 6 мыңнан астам ауыз су сынамасы алынды.

Жалпы, сәйкес келмейтін сынамалар бойынша көрсеткіш 2022-2023 жылдардың қорытындылары бойынша орташа республикалық жылдық көрсеткіштен аспайды.

Сәйкес келмейтін сынамалар бойынша жергілікті атқарушы органдар мен су шаруашылығы ұйымдары ауыз судан қорытынды санама ала отырып, қауіпсіз ауыз су беруді, су құбыры желілері мен құрылыстарын жууды және дезинфекциялауды жүргізу жөнінде басқарушылық шаралар қабылдау үшін хабардар етіледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: