Жаңалықтар тізбегі
0

ТЖМ 13 сәуірдегі су тасқыны жағдайы туралы ақпарат берді

Су тасқыны салдарын жою, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шаралар мен авариялық-құтқару жұмыстары, еріген қар суын бұру, инертті материалдар салынған қаптар төсеу, каналдарды, арық жүйелерін жағаларын нығайту жұмыстары, құлақтандыру және адамдарды қауіпсіз жерлерге  эвакуациялау жұмыстары жалғасуда., сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2024 10:57 Сурет: ҚР ТЖМ
Су тасқыны салдарын жою мен авариялық-құтқару жұмыстары, еріген қар суын бұру, инертті материалдар салынған қаптар төсеу, каналдарды, арық жүйелерін жағаларын нығайту жұмыстары, құлақтандыру және адамдарды қауіпсіз жерлерге эвакуациялау жұмыстары жалғасуда.

Аэровизуалды тексеру және дрондарды пайдалану арқылы өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайына мониторинг, сондай-ақ кейбір өңірлерде өзендерде мұз жару жұмыстары жүргізілуде.

Мұз кептелістерінің алдын алу мақсатында Ақмола облысының Сандықтау ауданында, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында Жабай, Есіл, Сарқырама өзендерінде мұз жару жұмыстары жүргізілді.

Зардап шеккен өңірлерге 1,1 мың тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында 3 957 жеке тұрғын үй, 942 аула аумағы су астында қалуда. Бірлескен күштермен 9,1 млн. астам текше метр еріген қар суы сорылды, 1,7 млн. қапшық және 1,2 млн. тонна инертті материал төселді. 3 129 тұрғын үй мен 2 033 аула аумағынан су бұрылды.

Су тасқыны басталғалы бері 102 328 адам, оның ішінде 37 537 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Тартылған әуе кемелерімен 3 246 адам, оның ішінде 1 068 бала құтқарылды. 10 120 адам үйлеріне оралды. Уақытша орналасу пунктеріне 6 757 адам, оның ішінде 3 148 бала орналастырылды. 102 156 ауыл шаруашылық жануар қауіпсіздік жерге айдалды. "Жедел желі" телефонына 1 532 қоңырау түсті, психологтар зардап шеккен адамдарға писхологиялық көмек көрсетуде.

Су жүрген 98 автожол, су шайған 107 автожол, оның ішінде 9 көпір және 100 жол төсемі бақылауда қалуда. Жергілікті атқарушы органдар халықпен байланыс орнатып, қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорларын құрған 73 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды.

Ақмола облысында Боқсық, Қалқұтан, Есіл өзендерінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Бұланды ауданының Журавлевка ауылында, Астрахан ауданының Жаңатұрмыс, Қалқұтан, Ескi Қалқұтан, Ягодное ауылдарында 73 жеке тұрғын үй, Жақсы ауданының Қима және Алғабас ауылдарында, Атбасар ауданының Самара ауылында 8 аула аумағы су астында қалды. 136 адам алдын ала эвакуацияланды, олар эвакуациялау пункттері мен туыстарының үйлеріне орналастырылды. Су тасқынына қарсы іс-шаралар және халыққа көмек көрсету жұмыстары жалғастырылуда. Өзендер деңгейіне мониторинг жүргізіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуіне және қорғаныш үйіндісінің шайылуына байланысты Қызылжар ауданының Тепличное, Надёжка ауылдарында 61 жеке тұрғын үй су астында қалды. Сонымен қатар Бәйтерек, Бескөл, Кривозёрка елді мекендерінен тұрғындар алдын ала эвакуацияланды.

Ақтөбе облысында Торғай өзенінде су деңгейінің жоғарылауына байланысты әуе кемесімен Мамыр және Нұра елді мекендерінен Ырғыз ауылына тұрғындарды алдын ала эвакуациялау жүргізілді. Барлығы 233 адам, оның ішінде 131 бала эвакуацияланды. Мамыр ауылының айналасындағы құмнан жасалған қорғаныш үйіндісінің шайылуына байланысты 10 аула аумағы су астында қалды. Нұра, Мамыр, Жайсанбай және Тәуіп елді мекендерінде жағалауды нығайту жұмыстары жалғасуда.

Тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ҚМ, ІІМ, ҰҚК, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 34 272 адам, 3 790 бірлік техника, 762 су сору және 200 жүзу құралы, 17 әуе кемесі жұмылдырылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: