Тоқаев Арменияға ресми сапармен барады

Тоқаев Арменияға ресми сапармен барады, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2024 12:14 Сурет: akorda.kz
15 сәуірде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияға бір күндік ресми сапармен барады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 15 сәуір күні Арменияға бір күндік ресми сапармен барып, Премьер-министр Никол Пашинянмен және Президент Ваагн Хачатурянмен келіссөздер жүргізеді

Мемлекет басшысы сапар аяқталғаннан кейін Ереваннан еліміздің қарғын су басқан облыстарының біріне ұшып кетеді.

5 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанның Үргеніш қаласына жұмыс сапарымен барды. Оны әуежайда президент Шавкат Мирзиеев қарсы алды. Тоқаев президент Мирзиеевпен бейресми кездесу өткізді. Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Өзбекстан стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: