Алматыда коммуналдық қызметкерлер нөсермен қалай күресуде
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда жауын-шашын түсуіне байланысты арнайы құралдармен жабдықталған 52 жедел мобильді бригада түнгі уақытта кезекшілікке шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, коммуналдық қызметкерлер арықта судың кедергісіз ағып кетіп, жекелеген аумақтарда су басу қаупінің алдын алу үшін мотопомпамен, тазалаушы заттармен және т.б. шаңц құралдармен кезекшілікті атқарды. Сонымен қатар, 2,3 мың қап құм дайындады.
"Жалпы түнгі кезеңде 236 арнайы жабдық, 28 мотопомпа және 215 жұмысшы жұмылдырылды. ТЖ бойынша жедел кезекшінің мәліметінше 16 сәуір сағат 07:00 су басқан аумақ тіркелмеген.",- әкімдік баспасөз қызметі
Күндізгі ауысымда 425 бірлік және 802 жұмысшы кезекшілікке шығады. Ауысымның өзгеруі желіге мейлінше көп техниканың шығуы үшін кезең-кезеңмен жүргізіледі.
Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript