Орал тұрғындарынан дүрбелеңге түспеуді сұрайды

Оралда тіршілікті қамтамасыз ететін нысандарды қорғау шаралары күшейтілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.04.2024 12:31 Сурет: primeminister.kz
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәлімдеме жасап, Орал тұрғындарынан тек ресми ақпаратқа сенуді сұрады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметі, қазіргі уақытта көпетеген жалған ақпарат таратылып жатқанын атап өтті.

Жалған ақпарат пен қауесетті болдырмау үшін мамандар келесіні хабарлайды:

  • Сумен жабдықтауды және қаладағы ағынды суларды бұруды қамтамасыз ететін барлық технологиялық жабдықтар штаттық режимде жұмыс істеуде;
  • Қаланы сумен жабдықтау екі көзден (жер үсті – Жайық өзені және жер асты – Орал жер асты су кен орны) қамтамасыз етіледі;
  • Сорғы станциялары мен су тазарту құрылыстары кешенінің аумақтарын су басудың алдын алу үшін бөгеттерді толтыру және нығайту жұмыстары жүргізілді.
"Орал тұрғындарынан дүрбелеңге түспеуді және ақпаратты тек ресми көздерден алуға шақырамыз." БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз:Оралда тіршілікті қамтамасыз ететін нысандарды қорғау шаралары күшейтілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: