Қостанай ауылының тұрғыны: Қолдауды сезіндік, біз Сізге кәміл сендік
Сурет: видеодан алынды
Қостанай ауданы Алтынсарин ауылының тұрғыны Гүлжауһар Төлегенова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен болған кездесуде су тасқыны кезінде жұртшылық ауызбіршілік танытып, тілсіз жаумен күресуге күш біріктіргенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған сәттің видеосын Ақорда әлеуметтік желіде жариялады.
"Мен ризашылығымды жеткізгім келеді. Бұл су тасқыны бізді одан әрі біріктіре түсті. Өйткені біз үлкен су келген алғашқы минуттарда аздап абдырап қалдық. Бірақ содан кейін жиналып, көршілерімізге көмектесе бастадық. Мына жақтан жастар шықты, еріктілер келді. Сонымен қатар, көршілер бір-біріне көмектесе бастады. Білесіз бе, біз мемлекеттің, кәсіпкерлердің, аталған жайтқа бей-жай қарай алмайтын адамдардың қолдауын сезінгенде, біз өз-өзімізге тез келдік, әлдеқайда өзімізді жеңіл сезіндік, олар бізге қолдарынан келгенше барынша көмектесті. Білесіз бе, біз сізге, мемлекетімізге, жалпы Қазақстанға сендік", - деді ол.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript