Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.04.2026 22:15 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданындағы Қүлтегін көшесінде орналасқан он қабатты тұрғын үйдің электр қалқанындағы тілсіз жаумен күресіп, жылдам ауыздықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ мәліметінше, алғашқы бөлімшелер келген кезде подъезде қою түтін байқалған.

"Өрт сөндіру оқпандары жедел түрде берілді, өртті толық сөндіру үшін барлық шаралар қабылданды. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілді",- делінген ақпаратта.

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Белгілі болғандай, ТЖМ күштері автосатының көмегімен 3 адамды құтқарды, олардың 2-еуі – балалар. Сондай-ақ баспалдақ марштары арқылы құтқару қалпақшаларын қолдана отырып 2 адам құтқарылды, олардың бірі – бала.

"Өрт 21:52-де толықтай сөндірілді. Нақтыланған мәлімет бойынша, электр қалқаны шахтасында өрт бірінші қабаттан оныншы қабатқа дейін болған. Себебі анықталуда". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Еске салсақ, таяу күндері Астанадағы көпқабатты үйдегі пәтерлердің бірінде өрт шығып, 3 бала қаза тапқанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: