Жайықтағы су деңгейі көтерілуде

Жайықтағы су деңгейі көтерілуде , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2024 11:08 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
17 сәуірдегі мәлімет бойынша, Жайық өзеніндегі су деңгейі үздіксіз көтерілуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес, 2024 жылғы 17 сәуірде сағат 8-дегі жағдай бойынша:

  • Жайық өзені - Индербор кентінің гидропостында су деңгейі 547 см., деңгей +9 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілу деңгейі 324 см.
  • Жайық өзені - Махамбет кенті су деңгейі 672 см., су деңгейінің + 8 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілуі 355 см.
  • Жайық өзені - Атырау қ. гидропостында су деңгейі 396см., су деңгейінің +9см.көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілуі 205 см.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы мәліметінше, су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

"17 сәуірде Иректі су қоймасынан ағын көлемі 436 м3 / с құрайды, су жіберу көлемі 345 м3/с құрайды", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Атырау облысында су тасқыны кезінде санитарлық шаралар күшейтілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: