Жылыой ауданында 650 отбасы біржолғы материалдық көмек алды

Біржолғы материалдық көмек, Жылыой ауданы, Құлсары, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.04.2024 17:56 Сурет: Zakon.kz
Жылыой ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға біржолғы материалдық көмек төлеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабтың мәліметінше, тұрғындардың есеп-шоттарына 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни, 369 200 теңге түсті.

"Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен отбасылардан түскен өтініштерді тәулік бойы өңдейді. Қазіргі уақытта 650 - ге жуық өтініш қанағаттандырылды", - деді Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова.

Айта кетсек, су тасқынынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттен қандай көмек түрлерін ала алатынын мына арадан біле алады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: