Павлодар облысындағы Баянауыл жастары "Киелі мекен" апталығын сәтті өткізді
Сурет: Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Баянауылдың белсенді жастары "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясының "Киелі мекен" апталығы аясында Жасыбай батырдың бейітіне сенбілік жұмыстарын жүргізіп, қоқыстан тазартты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құт қонған, қойнауы тарихқа толы, ұлылар мен дарындар шыққан, алтын арқаның інжу-маржаны атанған қасиетті, киелі Баянауылдың белсенді жастары "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясының "Киелі мекен" апталығы аясында Жасыбай батырдың бейітіне сенбілік жұмыстарын жүргізіп, қоқыстан тазартты.
Сонымен қатар, құндылықты дәріптеу мақсатында, өзге өңірдегі жастарға эстафета жолдады.
"Осы игі бастаманы жалғастыру үшін эстафетаны Астана қаласының Жастар орталығына жолдаймыз!"Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ, жергілікті тұрғындарға да үндеу жасады.
"Құрметті жерлестер! Баршаңызды экологиялық акцияны қолдауға шақырамыз. Себебі - қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау, туған жерді таза ұстау әрбіріміздің басты міндетіміз."Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript