Алматы облысында өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев бастаған «Киелі мекен» акциясына 300-ге жуық адам қатысты
Тазалау жұмыстары Қапшағай бөгетінен солтүстік-батысқа қарай 20 шақырым жерде Іле өзенінің оң жағалауында орналасқан Тамғалы-Тас трактінің аумағында жүргізілді.
Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Тракт үлкен (60 м-ге дейін) тік жартастардан тұрады. Тамғалы-Тас кешені – Қазақстандағы өнер, тарих және мәдениеттің көрнекті ескерткіші. Біз қорғауға және сақтауға тиіс осы көне киелі жердің табиғаты, адам көңіліне ұмытылмас әсер қалдырады.",- деді өңірдегі баспасөз қызметі.
Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бірнеше сағаттың ішінде 5 бірлік техника жұмылдырылған "Тамғалы-Тас" тарихи-мәдени ескерткіші аумағынан 1 тонна қоқыс жиналды.
Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Мұндай әрекеттер қазақстандықтарды тату көршілік пен өзара көмекке баулиды, табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік, сол арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастырады.",- деп толықтырды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Еске сала кетейік, ағымдағы аптада "Киелі мекен" шарасына кәсіпорындардан, ұйымдардан, мекемелерден және түрлі кәсіпкерлік субъектілерінен 300 мыңнан астам адам қатысты. Жиналған қоқыс көлемі 3 тоннаға жуықтады. Облыс бойынша барлығы 23 бірлік жүк тиеу техникасы пайдаланылды.
Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі