Жетісу өңірінде "Киелі мекен" акциясына ардагерлер де атсалысты
Сурет: Жетісу облысы әкімдігі баспасөз қызметі
Талдықорғанда Жеңіс саябағы аумағында "Таза Қазақстан" акциясына орай сенбілік шарасы өтті. Оған антиядролық қозғалыс белсенділері, мүгедектер мен "Семей полигоны" ҚБ және "Жетісу өңірінің Чернобыль апатынан зардап шеккендер одағы" ҚБ ардагерлері қатысты,- деп хабарлайды Zakon.kz.
Дәл осы жерден бір жыл бұрын барлық Семей мен Чернобыль құрбандарын еске алуға арналған ескерткіш орнатылған болатын.
Сурет: Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
"Өткен жылы 15 қыркүйекте облыстық әкімдіктің қолдауымен ескерткіш ашылды. Облыста "Семей", "Чернобль" апатының зардабын шеккен азаматтар көп. Бүгінгі қайырымды іске ардагерлер де өз үлесін қосып, жас ұрпаққа патриоттық тәрбиенің негізін көрсетуде. Республика бойынша "Таза Қазақстан" экологиялық акциясының "Киелі мекен" атауымен өтіп жатқан тазалық акциясының маңызы өте зор. Біз өз тарапымыздан әрбір ескерткіш киелі мекен санатына жатады. Сол себепті де Семей, Чернобль ардагерлері акцияға белсене атсалысып, тазалық жұмыстарын атқарудамыз. Дәл осындай шара облыстың барлық ауданында өтіп жатыр және оған аудандық ардагерлер де атсалысуда." Облыстық ардагерлер және мүгедектер қоғамының жетекшісі Мұстафа Құсайынов
Сурет: Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ардагерлердің сөзіне сүйенетін болсақ бұл жұмысқа жүйелі түрде қатысып, экологиялық тазалықпен қашан да бірге екендіктерін көрсетті.
Сурет: Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ескерткіш маңайы толықтай қоқыстан тазартылып, қалаға көрік беретін нысанның келбеті тұрғындардың көңіліне қуаныш сыйлайтындай.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript